Спорт Министрі | «Ордабасы» тағы бір украиналықпен толықты
ФУТБОЛ

«Ордабасы» тағы бір украиналықпен толықты

Шымкенттің «Ордабасы» клубы 26 жастағы украиналық вингер Владислав Наумецпен келісімшартқа отырды.

Футболшы Киевтің «Динамо» академиясының түлегі. Ол кәсіби мансабында Грекияның «Янина», Украина чемпионатындағы «Минай», «Черноморец», «Металлист» және соңғы маусымдарда «ЛНЗ Черкассы» клубтарында өнер көрсетті.

Бұл — шымкенттіктердің осы жазда Украинадан шақырған екінші ойыншысы. Бұған дейін «Ордабасы» Юрий Вакулкомен де келісімге келген болатын.

Наумецтің келуі команданың шабуыл шебіндегі мүмкіндіктерін арттырып, бәсекелестікті күшейтуі тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button