
«Ақтөбе» футбол клубы беларусьтік жартылай қорғаушы Никита Корзунмен келісімшартқа отырғанын ресми түрде мәлімдеді.
30 жастағы футболшы жақында ғана «Елімай» клубымен келісімшартын бұзған болатын. Енді ол Вячеслав Левчук жаттықтыратын «Ақтөбе» сапында өнер көрсетеді.
Бұл трансфер «Ақ-қызылдардың» жазғы трансферлік терезедегі үшінші толықтыруы болды. Бұған дейін клуб құрамына Георгий Жуков пен Артур Шушеначев қосылған еді.
Корзун — тәжірибелі, ойын өрнегі қалыптасқан жартылай қорғаушы. Оның келуі команда ортасында бәсекелестікті арттырып, тактикалық мүмкіндіктерді кеңейте түспек.