Спорт Министрі | «Ертіс» ФК жаңа бас бапкерін таныстырды
ФУТБОЛ

«Ертіс» ФК жаңа бас бапкерін таныстырды

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубында жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды, деп хабарлайды SportM.kz.

Ақ-көк жейделілерді енді 35 жастағы Ринат Алюетов жаттықтырады. Ол – Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Бұған дейін Қазақстан Премьер-лигасында «Жетісу», «Жеңіс», «Тұран» және «Каспий» клубтарында бас бапкер қызметін атқарған.

2023 жылғы Бірінші лигадағы чемпиондық маусымда Алюетов «Елімайдың» бас бапкері Самат Смақовтың көмекшісі болды. Сондай-ақ, ол Усть-Каменогорскідегі «Алтай» футбол орталығында жұмыс істеген, «Жетісу» жастар командасында және Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасында бапкерлік тәжірибесі бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button