ТЕННИС
Александр Шевченко Братислава турнирінде екінші айналымға өтті

Қазақстанның екінші, әлемнің 100-ракеткасы Александр Шевченко Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды SportM.kz.
Жарыстың бірінші ракеткасы мәртебесімен сынға түскен қазақстандық теннисші алғашқы кездесуінде германиялық Кристоф Негритуды 6:4, 6:1 есебімен оңай жеңді.
Бір сағат 8 минутқа созылған матчта Шевченко 7 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланды. Қарсыласы Негриту 6 эйспен шектелді.
Енді Александр ширек финалға шығу үшін Ұлыбритания өкілі, әлемнің 213-ракеткасы Ян Чоинскимен кортқа шығады. Ол алғашқы айналымда словакиялық Йозеф Ковалекті 6:3, 6:4 есебімен жеңіп өткен.