
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина WTA жаңартылған рейтингінде тарихи көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды SportM.kz.
Сербиялық Александра Круничпен бірге Ролан Гаррос финалына дейін жеткен Анна 17-орыннан 9-сатыға көтерілді. Бұл – оның мансабындағы ең үздік нәтиже. Бұған дейінгі рекордтық көрсеткіші – 10-орын болатын.
Басқа қазақстандық теннисшілер де рейтингте өзгерістерге ұшырады:
🔹 Юлия Путинцева жұптық сында 73-орыннан 64-орынға көтерілді, жекелей сында 31-ден 27-орынға жақсарды.
🔹 Жібек Құламбаева жұптық сында 115-тен 128-ге төмендесе, жекелейде 309-дан 306-ға көтерілді.
🔹 Елена Рыбакина жекелей рейтингте 11-орнын сақтап қалды.
🔹 Зарина Дияс 276-дан 280-орынға түсті.
Анна Данилинаның үздік ондыққа енуі – қазақстандық теннис үшін ірі жетістік саналады.