Спорт Министрі | Лондонда Рыбакина мен Путинцева өзара кездесуі мүмкін
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Лондонда Рыбакина мен Путинцева өзара кездесуі мүмкін

9–16 маусым аралығында Ұлыбритания астанасында өтетін WTA 500 санатындағы Лондон турнирінің жеребесі белгілі болды, деп хабарлайды SportM.kz.

Жүлде қоры 1,415 млн еуроны құрайтын жарысқа 32 теннисші қатысады. Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина турнирдің 4-ракеткасы ретінде тіркеліп, жарысты бірден екінші айналымнан бастайды. Ол алғашқы кездесуін Юлия Путинцева немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен өткізеді.

Егер Путинцева алғашқы айналымнан өтсе, қос қазақстандық теннисші жекелей сында өзара кездесуі мүмкін.

Сонымен қатар, Рыбакина мен Путинцева жұптық сында да біріккен. Олар алғашқы матчта испаниялық Кристина Буча мен бразилиялық Беатрис Хаддад Майяға қарсы ойнайды.

Қазақстанның жұптық сындағы үздік өкілі Анна Данилина бұл турнирде ресейлік Диана Шнайдермен жұптасып, алғашқы айналымда Александра Панова (Ресей) – Джулиана Олмос (Мексика) дуэтіне қарсы кортқа шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button