Спорт Министрі | Франция құрамасы Ұлттар лигасында қола жүлдені жеңіп алды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Франция құрамасы Ұлттар лигасында қола жүлдені жеңіп алды

Футболдан UEFA Ұлттар лигасында Франция құрамасы үшінші орын иеленді. Үшінші орын үшін өткен матчта Килиан Мбаппе бастаған француздар Германияны 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды SportM.kz.

Кездесу барысында Германия құрамасы басымдық танытып, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Алайда олар бұл мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алмады. Ал Франция құрамасы қарымта шабуылда нәтижелі ойын көрсетті.

Алғашқы голды Килиан Мбаппе 45-минутта соқты. Екінші таймда Германия есепті теңестіруге тырысқанымен, 84-минутта Майкл Олисе Мбаппенің пасын голға айналдырып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Осылайша Франция құрамасы турнирдің қола жүлдесіне қол жеткізді. Айта кетейік, UEFA Ұлттар лигасы 2018 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бұған дейін Португалия, Франция және Испания чемпион атанған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button