Спорт Министрі | Қазақстан U-17 құрамасы жолдастық матчта Әзербайжаннан ұтылды
ФУТБОЛ

Қазақстан U-17 құрамасы жолдастық матчта Әзербайжаннан ұтылды

Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде Әзербайжан командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды SportM.kz.

Ойын Әзербайжанның Габала қаласында өтті. Бұл – қазақстандық жастардың жоспарланған екі жолдастық матчының біріншісі. Кездесу 0:2 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды.

Қазақстан U-17 құрамасы енді 8 маусым күні 12:00-де Грузия құрамасына қарсы ойнайды.

Бауыржан Сағындық жаттықтыратын команда 28 мамырда оқу-жаттығу жиынын бастап, алғашқы дайындық кезеңін Талғар қаласында өткізген болатын. Жолдастық кездесулер алдағы ірі турнирлерге дайындық ретінде ұйымдастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button