Кёрлингтен Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар белгілі болды

Астанадағы «Сарыарқа» мұз сарайында өтіп жатқан кёрлингтен Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды SportM.kz.
Биылғы жарысқа еліміздің түрлі өңірінен 78 спортшы қатысуда. Оның 40-ы ерлер, қалғаны әйелдер арасындағы бәсекелерге қатысады.
Ерлер арасындағы жарыс нәтижесінде Астана қаласының командасы чемпион атанды. Күміс пен қола жүлделерді сәйкесінше Алматы қаласы мен Қостанай облысының құрамалары иеленді.
Ал әйелдер арасындағы сында Алматы қаласы жеңімпаз атанып, Алматы облысы екінші, Астана қаласы үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, жарыс 8 маусым күні өз мәресіне жетеді.
Еске сала кетсек, мамыр айында керлингтен 2026 жылғы Милан–Кортина қысқы Олимпиадасының алғашқы жолдамалары сарапқа салынған болатын. Олимпиада бағдарламасына ерлер, әйелдер және аралас жұптар арасындағы жарыстар кіреді. Жеті ерлер және жеті әйелдер командасы жүлде үшін таласады.