ФУТБОЛ

Испания құрамасы Ұлттар лигасының финалына жолдама алды

Испания құрамасы UEFA Ұлттар лигасының А дивизионындағы плей-офф кезеңінде Францияны ұтып, турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды SportM.kz.

Ойын Германияның Штутгарт қаласындағы «Штутгарт Арена» стадионында өтті. Кездесуді испаниялықтар жоғары қарқында бастап, алғашқы таймда екі гол соқты. 23-минутта Нико Уильямс есеп ашса, араға үш минут салып Микель Мерино есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші таймда Ламин Ямал 54-минутта пенальтиден, ал Педри 55-минутта үшінші голды енгізді. Франция сапынан Килиан Мбаппе 59-минутта пенальтиден есепті қысқартты. 67-минутта Ямал тағы бір голмен көзге түсті, алайда бұл қарқынға Франция жауап қатты – Райан Шерки мен Рандаль Коло Муани (94′) гол соқты. Сонымен қатар, 84-минутта испаниялық Дани Вивиан өз қақпасына гол соғып алды.

Тартысты өткен матч 5:4 есебімен Испания пайдасына аяқталды. Енді олар 8 маусым күні финалда Португалия құрамасына қарсы ойнайды. Сол күні Франция мен Германия құрамалары 3-орын үшін кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button