
Футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі келесі қарсыласы – Андорра құрамасына қарсы матчқа дайындықты бастады, деп хабарлайды SportM.kz.
🟡 D тобының қарсыластары:
Қазақстан жастар құрамасы Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларымен бір топта бақ сынауда.
👤 Бас бапкер: Денис Мамонов
📍 Жиын орны: Астана
📆 Матч күні: 5 маусым
🏟 Өтетін орын: «Астана Арена»
🕢 Басталуы: 19:30
🔜 8 маусымда жастарымыз Англия құрамасымен де кездеседі.
Құрама құрамы:
🧤 Қақпашылар:
– Санжар Ерниязов («Атырау»)
– Дулат Талыспаев («Кёге», Дания)
– Мирас Рихард («Ертіс»)
🛡 Қорғаушылар:
Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов («Жетісу»),
Санжар Әнуаров («Астана»),
Александр Мигунов, Эльхан Саидов («Шахтер»),
Әли Тұрғанов («Оңтүстік Академиясы»),
Александр Мрынский («Қайрат»),
Әлихан Серікбай («Каспий»)
⚙ Жартылай қорғаушылар:
Әбинұр Нұрымбет («Тұран»),
Вячеслав Раскатов («Ертіс»),
Дархан Бердібек («Ақтөбе»),
Мирас Көбеев («Ислочь», Беларусь),
Олжас Байбек, Рамазан Бағдат («Қайрат»),
Нұралы Жақсылық («Астана»),
Мұхаммед Еңсебаев («Сеута Б», Испания),
Давид Есімбеков («Жетісу»),
Хамза Мұхаметәли (AKAS)
🎯 Шабуылшылар:
Глеб Валгушев («Қызылжар»),
Ян Труфанов («Атырау»),
Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік Академиясы»),
Артем Литош («Хан Тәңірі»)
⚽ Жанкүйерлер бұл матчтан жастардың сенімді жеңісін күтеді.