Спорт Министрі | UEFA клубтар рейтингі: «Астана» үздіктер жүздігінде жоқ, «Реал Мадрид» көш бастап тұр
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

UEFA клубтар рейтингі: «Астана» үздіктер жүздігінде жоқ, «Реал Мадрид» көш бастап тұр

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) жаңартылған клубтар рейтингін ұсынды, деп хабарлайды SportM.kz.

Бес маусымдық нәтижелерге негізделген бұл рейтингте көшбасшылық орынды Мадридтің «Реалы» сақтап қалды. Испаниялық грандты «Манчестер Сити» (Англия), «Бавария» (Германия) және «Ливерпуль» (Англия) клубтары өкшелеп келеді.

Топ-10 құрамына енген басқа командалар:

  • Пари Сен-Жермен (Франция)

  • Интер (Италия)

  • Челси (Англия)

  • Боруссия Дортмунд (Германия)

  • Рома (Италия)

  • Барселона (Испания)

Қазақстандық клубтардың жағдайы келесідей:

  • «Астана» – 134-орын

  • «Тобыл» – 183

  • «Қайрат» – 266

  • «Ордабасы» – 306

  • «Ақтөбе» – 352

  • «Шахтёр» (Қарағанды) – 376

  • «Қызылжар» – 387

  • «Қайсар» – 388

Қазақстандық клубтардың халықаралық рейтингте біршама төмен орналасуы ел ішіндегі бәсекенің күшеюі мен халықаралық жарыстардағы сәттілікке тікелей байланысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button