
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жариялаған чемпиондық кестеде үздік сегіздік қатарына кірді, деп хабарлайды SportM.kz.
Страсбургтегі WTA 500 турнирінде жеңіске жеткеннен кейін Рыбакина чемпиондық рейтингте 13-орыннан бірден 8-орынға көтерілді. Бұл көрсеткіш оған маусым соңында өтетін WTA қорытынды турниріне қатысу мүмкіндігін арттырып отыр.
Чемпиондық кестеде Беларусь өкілі Арина Соболенко көш бастап тұр. Одан кейін америкалық Мэдисон Киз пен ресейлік Мирра Андреева орналасқан.
WTA чемпиондық кестесі (25 мамыр):
-
Арина Соболенко (Беларусь) — 5120 ұпай
-
Мэдисон Киз (АҚШ) — 3349
-
Мирра Андреева (Ресей) — 3055
-
Ига Швентек (Польша) — 2878
-
Кори Гауфф (АҚШ) — 2598
-
Джессика Пегула (АҚШ) — 2548
-
Жасмин Паолини (Италия) — 2230
-
Елена Рыбакина (Қазақстан) — 1950
-
Элина Свитолина (Украина) — 1751
-
Эмма Наварро (АҚШ) — 1650
Айта кетейік, Елена Рыбакина әлемдік WTA рейтингінде де бір саты жоғарылап, 12-орыннан 11-орынға көтерілді.