ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Триатлоннан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Түркістанда триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды SportM.kz.
Ерлер арасындағы жарыста алматылық Егор Крупяков мәре сызығын бірінші болып кесіп, чемпион атанды. Екінші орынды шымкенттік Дарын Қонысбаев иеленсе, үздік үштікті тағы бір алматылық спортшы Александр Тен түйіндеді.
Әйелдер арасындағы бәсекеде елордалық Диана Ержанова үздік деп танылды. Күміс медаль алматылық Дарья Мазурға бұйырса, үшінші орын астаналық Аида Кимге тиесілі болды.