Спорт Министрі | «Тоттенхэм Хотспурс» — 2025 жылғы Еуропа лигасының жеңімпазы
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Тоттенхэм Хотспурс» — 2025 жылғы Еуропа лигасының жеңімпазы

Англияның «Тоттенхэм Хотспурс» футбол клубы 2025 жылғы UEFA Еуропа лигасының чемпионы атанды, деп хабарлайды SportM.kz.

Финалдық матчта лондондық ұжым Англияның тағы бір алпауыты — «Манчестер Юнайтедпен» кездесті. Ойын тағдырын 42-минутта Бреннан Джонсон соққан жалғыз гол шешті. Осылайша «Тоттенхэм» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, тарихи жеңіске жетті.

Бұл — лондондық клубтың еурокубок додасындағы 1984 жылдан бергі алғашқы чемпиондығы. Ол жылы олар Бельгияның «Андерлехт» клубын екі матчта тең түскеннен кейін пенальтиде жеңіп, кубокты иеленген болатын.

Соңғы рет «Тоттенхэм» 2008 жылы Англия лигасының кубогын ұтып, трофеймен қуантқан еді. Ал Еуропа лигасындағы бұл жетістік — клуб тарихындағы ерекше белес.

Айта кетейік, ағымдағы маусымда Англия Премьер-лигасында тек 17-орын иеленген «Тоттенхэм Хотспурс» Еуропа лигасындағы жеңісінің арқасында UEFA Чемпиондар лигасына жолдама алып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button