
Футболдан Қазақстанның атынан Еуропа лигасына қатысатын «Ақтөбе» клубының іріктеу кезеңіндегі мүмкін қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды SportM.kz.
Қазақстандық команда жарысты бірінші іріктеу кезеңінен бастайды. UEFA регламентіне сәйкес, «Ақтөбе» еленбеген командалар қатарына енді.
Клубтың ықтимал қарсыластары қатарында:
-
Украинадан – «Шахтер Донецк»
-
Польшадан – «Легия Варшава»
-
Молдовадан – «Шериф»
-
Румыниядан – «ЧФР Клуж»
-
Словениядан – «Целе» сынды командалар бар.
Аталған кезеңнің жеребесі 17 маусым күні өтеді. Ал ойындар 10 және 17 шілде күндері ойналады.
Айта кетейік, «Ақтөбе» өткен маусымда Қазақстан кубогын жеңіп, Еуропа лигасында ойнауға мүмкіндік алған болатын. Енді клуб еурокубок додасындағы алғашқы қарсыласын тағатсыздана күтуде.