Спорт Министрі | Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің ширек финалына шықты
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Жарыстың 6-ракеткасы атанған Зарина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 875-орында тұрған жергілікті теннисші Лиза-Мария Риумен кездесіп, 6:1, 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті. Матч небәрі 1 сағат 12 минутқа созылды.

Енді Дияс жартылай финалға шығу үшін әлемнің 499-ракеткасы, тағы бір жапон теннисшісі Момоко Коборимен кортта кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button