ТЕННИС
Александр Шевченко Римдегі турнирді сенімді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Римде өтіп жатқан ATP Masters 1000 турнирінің іріктеу кезеңін жеңіспен бастап, финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportm.kz.
Әлемнің 97-ракеткасы атанған Шевченко жартылай финалда аргентиналық Хуан Пабло Фиковичпен (ATP №152) кездесіп, 6:4, 6:4 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Ойын 1 сағат 42 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші матч барысында 2 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Қарсыласы болса 1 эйс пен 2 брейкпен шектелді (5 брейк-пойнт).
Енді Александр Шевченко іріктеу финалында әлемнің 134-ракеткасы, Мажарстан өкілі Мартон Фучовичпен кездеседі. Жеңіс болса, ол Рим мастерс турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алады.