
Болгарияда өткен халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша қазақ боксшысы үздік деп танылды, деп хабарлайды sportm.kz.
Төрехан Сабырхан 67 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Алғашқы жолы Олимпиада чемпионы Асахуджа Муйдунходжаевпен түйіскен. Қарсыласы жұдырықтасудаy бас тартты. Ширек финалда грузин Лаша Гогнидзені жеңіп шықты. Жартылай финалда әзербайжандық Наби Исгандаровты ұтты. Финалда тағы бір әзербайжандық боксшы Заур Гахрамановтан басым түсті. Бұған дейін осы турнирде бірде-бір боксшымыз бұл атаққа қол жеткізбеген.