Спорт Министрі | Үздік ондық ішінде: Қазақстан құрамасы байдарка мен каноеде есуден әлем чемпионатын қорытындылады
БАСҚАЛАРЫ

Үздік ондық ішінде: Қазақстан құрамасы байдарка мен каноеде есуден әлем чемпионатын қорытындылады

Италияның Милан қаласында өткен байдарка мен каноеде есуден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлделі орынға іліге алмады. Дегенмен, кей спортшылар сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті.

Сергей Емельянов — үздік нәтиже иесі
Ел намысын қорғаған Сергей Емельянов 200 метрлік қашықтықта каноэмен есуден А финалына жолдама алып, шешуші кезеңде алтыншы орынды иеленді. Бұл — Қазақстан құрамасының чемпионаттағы ең жоғары нәтижесі.

Стелла Суханова — В финал жеңімпазы
Байдаркамен 1000 метрге жекелей есуден сынға түскен Стелла Суханова В финалда үздік атанып, бұл қашықтықта мықтылығын көрсетті.

Жалпы нәтиже
Қазақстандық құраманың өкілдері биылғы әлемдік додада жүлдегерлер қатарынан көріне алмағанымен, үздік ондыққа енген көрсеткіштері алдағы жарыстарға серпін береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button