Спорт Министрі | Балуан Диас Сейітқалиев U20 санатындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Балуан Диас Сейітқалиев U20 санатындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық балуан Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Ол 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Шешуші белдесуде Сейітқалиев Михаил Шкаринге 1:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль бар. 23 тамызда Арсен Жұма (55 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button