Спорт Министрі | Жүзуші Максим Сказобцов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты
БАСҚАЛАРЫ

Жүзуші Максим Сказобцов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

Жүзуден Қазақстан құрамасының өкілі Максим Сказобцов Румынияның Отопене қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Спортшы 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде шешуші кезеңге шықты.

Жартылай финалдық кезеңде ол үшінші болып мәреге жетті. Ал финалға Сказобцов алтыншы нәтижемен іріктелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button