КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстандық балуандар U20 әлем чемпионатын бес медальмен аяқтады

Болгарияның Самоков қаласында өткен жастар арасындағы (U20) еркін күрестен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар табысты өнер көрсетті. Жарыстың қорытындысы бойынша ұлттық құрама 5 медаль жеңіп алды — 1 алтын, 1 күміс және 3 қола.

Чемпиондық атақты 125 келі салмақта белдескен Едіге Қасымбек жеңіп алды. Бұл оның халықаралық деңгейдегі алғашқы ірі жеңісі болды.

Күміс медаль иегері — Камиль Қуруглиев (92 келіге дейін). Ол финалға дейін сенімді күрес көрсетіп, шешуші белдесуде қарсыласына есе жіберді.

Қола медальді келесі балуандар еншіледі:

  • Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін)

  • Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін)

  • Самир Дурсунов (97 келіге дейін)

Қазақстан құрамасы еркін күресте жалпы есеп бойынша сәтті нәтиже көрсетті. Жарыс 18-24 тамыз аралығында өтті. Енді бозкілем шеберлері грек-рим және әйелдер күресі бойынша жарыстарға дайындалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button