БАСҚАЛАРЫ
Мерген Валерий Рахымжан Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында медальға бір қадам жетпей қалды

Қазақстан құрамасының мүшесі Валерий Рахымжан өз елінде өткен турнирде төртінші орын алды.
Ол пневматикалық тапаншамен 10 метрге ату жарысының финалына шығып, 195,1 ұпай жинады.
Бірінші орынды Қытай спортшысы Кай Ху иеленді. Екінші орынға оңтүстіккореялық Су-хен Хон жайғасты. Үздік үштікті ирандық Амир Джохариху түйіндеді.