Спорт Министрі | Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық спорттық ату федерациясының президентімен кездесті
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық спорттық ату федерациясының президентімен кездесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) президенті Лучано Росси және Азия ату конфедерациясының (ASC) президенті Салман Сабах әл-Салем ас-Сабахпен кездесу өткізді.

Ресми іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты.

Мемлекет басшысы халықаралық федерациялардың атқаратын миссиясына және ұйым басшыларының аталған спорт түрін танымал етуге қосқан жеке үлесіне жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің спорттық ату түрлерін дамытуға әрдайым айрықша мән беретінін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button