БАСҚАЛАРЫ
Жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

Әлемдік додада Қазақстан намысын сегіз спортшы қорғайды.
Жүлде үшін Ришат Жұмағұлов, Федор Диденко, Айбат Мырзамұратов, Егор Попов, Максим Сказобцов, Александр Румынский, София Әбубәкірова және Дарья Чеснокова бақ сынайды.