Спорт Министрі | Демеу Жадраев Германиядағы Гран-при турнирінде алтын медаль иеленді
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Демеу Жадраев Германиядағы Гран-при турнирінде алтын медаль иеленді

Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен өткен Гран-при халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы жарысты жоғары деңгейде өткізіп, жеті медаль жеңіп алды.

77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Демеу Жадраев 2024 жылғы Олимпиададан кейінгі алғашқы халықаралық жарысында алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ 67 келіге дейінгі салмақта күрескен Бағдат Сабаз да чемпион атанды.

Күміс медальға Ербол Камалиев (60 келі) пен Омар Сатаев (82 келі) қол жеткізді.

Қола жүлдені Айбек Сабырбеков (60 келі), Асаухат Мухамадиев (63 келі) және Мейіржан Шермаханбет (67 келі) еншіледі.

Жалпы қорытынды бойынша Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынға шықты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button