Спорт Министрі | Қазақстанда Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтеді
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Қазақстанда Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтеді

2 тамызда Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығында Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық жеңіл атлетика турнирі басталады.

Бұл жарыс World Athletics Continental Tour Bronze Level сериясына енген және халықаралық маусымдағы маңызды кезеңдердің бірі болып саналады.

Биыл турнир 2-3 тамыз аралығында өтеді. Жарысқа 17 елден 214 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан көптеген көшбасшы бақ сынайды.

Жарыс аясында спортшылар қыркүйек айында Жапонияда өтетін әлем чемпионаты алдында маңызды рейтингтік ұпайлар жинауға мүмкіндік алады.

Көрермен үшін кіру тегін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button