БАСҚАЛАРЫ
Геннадий Головкин World Aquatics конгресіне қатысты

ҰОК басшысы Халықаралық спорт қауымдастығының ірі шарасына World Aquatics президенті және Азия Олимпиадалық кеңесінің бас директоры Хуссейн Әл-Мусалламның жеке шақыруымен қатысты.
Геннадий Головкин жұмыс барысында Халықаралық федерация басшысы Хуссейн Әл-Мусалламмен кездесіп, Qazaqstan Aquatics өкілдерін World Aquatics-тің түрлі комитеттеріне енгізу туралы ұсыныс айтып, оны талқылады.
Сондай-ақ, конгресс аясында 2026 жылы өтетін «Silk Road» жүзуден Әлем кубогының үшінші кезеңі Астанада ұйымдастырылатыны ресми түрде жарияланды. Бірінші кезең Бакуде (Әзірбайжан), екіншісі Ташкентте (Өзбекстан) өтеді.
Қазақстан мұндай деңгейдегі халықаралық турнирді алғаш рет қабылдайды.