БАСҚАЛАРЫ
Жүзуден әлем чемпионаты: қазақстандықтардың нәтижелері

Іріктеу кезеңдерінде Қазақстан құрамасының үш өкілі бақ сынады. Алайда олардың ешқайсысы келесі айналымға өте алмады.
100 метрге арқамен жүзуде Ксения Игнатова 30-орын алды. Ал 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Аделаида Пчелинцева 50-орынмен шектелді.
Арсен Қожахметов 50 метрге брасс әдісімен жүзуде жарысты 42-орынмен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартқан болатын.