Спорт Министрі | Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатының ширек финалына шығу үшін бақ сынайды
БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатының ширек финалына шығу үшін бақ сынайды

Тбилиси (Грузия) қаласында семсерлесуден әлем чемпионатының кезекті жарыс күні басталды.

29 шілдеде семсер қаруымен айқасудан командалық жарыстар өтуде.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын 1/16 финал кезеңінен бастады. Бұл кезеңде біздің спортшылар Ресей командасымен кездесіп, жеңіске жетті.

Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Әлімжанов қарсыластарын 45:35 есебімен ұтты.

Келесі айналымда қазақстандық семсерлесушілер Қытай құрамасымен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button