Спорт Министрі | Қазақстанда спорт клубтарын қаржыландыруға жаңа шектеулер бекітілді
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстанда спорт клубтарын қаржыландыруға жаңа шектеулер бекітілді

2025 жылғы 22 шілдеде Туризм және спорт министрінің бұйрығымен ойын спорт түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын ұстауға арналған бюджет қаражатының жаңа лимиттері бекітілді.

Футбол:

  • Негізгі команда (ерлер, әйелдер, жастар) – ең көп дегенде 500 000 АЕК;
  • УЕФА турнирлеріне қатысатын командалар үшін қосымша – 200 000 АЕК;
  • Балалар мен жасөспірімдер академиясы – 150 000 АЕК.

Жалпы: 650 000 АЕК-тан аспауы тиіс.

Шайбалы хоккей:

  • Негізгі команда – 300 000 АЕК;
  • Балалар мен жасөспірімдер академиясы – 75 000 АЕК.

Жалпы: 375 000 АЕК.

Басқа командалық спорт түрлері:

  • Ерлер мен жасөспірімдер командалары, академия – 120 000 АЕК;
  • Әйелдер мен қыздар командалары, академия – 120 000 АЕК.

Еңбекақы мөлшерінің шектері де бекітілді:

  • Бас бапкер, кеңесші-бапкер, жаттықтырушы – 500 АЕК-тан аспайды;
  • Негізгі команда спортшысы – 500 АЕК-тан аспайды;
  • Жастар командасының спортшысы – 80 АЕК-тан аспайды.

Бұдан бөлек, әр өңірде жергілікті бюджеттен бір ғана спорт түрі бойынша бір клубты ұстау қарастырылған.

Бұл бұйрық 2025 жылғы 25 шілдеден бастап күшіне енеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button