Спорт Министрі | Қазақстандық балуандар Будапешттегі халықаралық турнирде жеті жүлде жеңіп алды
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстандық балуандар Будапешттегі халықаралық турнирде жеті жүлде жеңіп алды

Венгрия астанасы Будапештте өткен күрес түрлерінен «Polyák Imre & Varga János Memorial» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетті.

Жалпы ұлттық құраманың қоржынына 7 медаль түсті: 2 күміс және 5 қола.

Еркін күрес

  • Асылжан Есенгелді (61 кг) – қола медаль

Грек-рим күресі

  • Марлан Мұқашев (55 кг) – күміс
  • Ержет Жарлықасын (63 кг) – қола
  • Әлімхан Сыздықов (130 кг) – қола

Әйелдер күресі

  • Жәмила Бақбергенова (72 кг) – күміс
  • Нилуфар Раимова (57 кг) – қола
  • Эльмира Сыздықова (76 кг) – қола

Басқа жаңалықтар

Back to top button