Спорт Министрі | Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден үздік жетілікке енді
БАСҚАЛАРЫ

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден үздік жетілікке енді

Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден командалық сайыстың финалында 7-орын алды.

Командалық еркін бағдарламада отандастарымыз 277.8196 ұпай жинады. Құрама сапында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова және Жаклин Якимова өнер көрсетті.

Алтынды Қытай құрамасы (348.4779), күмісті Жапония (334.7232), қоланы Испания (321.1328) жеңіп алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button