
Германияның Рейн-Рур өңірінде өтіп жатқан ХХХІІ жазғы Дүниежүзілік Универсиадада қазақстандық көркем гимнаст Айбота Ертайқызы қола медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстан құрамасының аталған додадағы алғашқы жүлдесі.
Айбота жекелей сындағы таспа жаттығуында 26.600 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді. Алтын медаль 28.700 ұпай алған өзбекстандық Тахмина Икромоваға бұйырса, бейтарап ел атынан сынға түскен Алина Горносько 27.850 ұпаймен күміс жүлдені иеленді.
Сонымен қатар таеквондошы Дамир Шуленов ел қоржынына тағы бір қола жүлде салды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Универсиадада 12 спорт түрі бойынша бақ сынап жатқан 76 спортшыдан жасақталған. Жарыс 16-27 шілде аралығында жалғасады.