Спорт Министрі | Астанада Азия Паралимпиялық комитетінің 8-ші Бас ассамблеясы өтеді
БАСҚАЛАРЫ

Астанада Азия Паралимпиялық комитетінің 8-ші Бас ассамблеясы өтеді

11-14 тамыз аралығында Астанада Азия Паралимпиялық комитетінің (АПК) 8-ші Бас ассамблеясы ұйымдастырылады. Бұл маңызды халықаралық шара алғаш рет Орталық Азияда өткелі отыр.

Ассамблеяға Азияның 45 елінен 120-дан астам делегат келеді. Олардың қатарында ұлттық паралимпиялық комитеттердің басшылары, халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері және Халықаралық Паралимпиялық комитеттің (IPC) президенті Эндрю Парсонс бар.

Бағдарлама аясында пленарлық отырыстар мен жұмыс кездесулері, өңірдегі паралимпиадалық спортты дамыту мәселелері талқыланады. Қатысушы елдер өз бағдарламалары мен бастамаларын таныстырады. Сондай-ақ Asian Awards 2025 марапаттау рәсімі өтіп, паралимпиадалық қозғалыстағы жетістіктер атап өтіледі. Қонақтарға мәдени және экскурсиялық бағдарлама ұсынылады. Шара барысында ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қою және тәжірибе алмасу жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button