БАСҚАЛАРЫ
Карина Магрупова әртістік жүзуден әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда.
19 шілдеде Карина Магрупова әртістік жүзуден техникалық соло бағдарламасының финалында ел намысын қорғады.
Отандасымыз 233.5199 ұпай жинап, 11-орынды иеленді.
Қытайлық Хуиянь Сюй бірінші орынға ие болды — 272.9917. Күміс жүлде Василина Хандошкаға (Ресей) бұйырды — 260.5416. Ал Ирис Тио Касас (Испания) 260.2917 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.