БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық мерген Италиядағы беделді халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

Максим Почивалов Италияның Тоди қаласында өтіп жатқан Green Cup халықаралық турнирінде жастар арасында Қазақстанға алтын медаль сыйлады.
Қазақстандық спортшы стенд атудан (скит бағдарламасы) жеке есепте жеңіске жетіп, ел мергендерінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Максим Шымкент қаласының өкілі және Қазақстан құрамасының мүшесі.
– Green Cup турнирі 7 шілдеде басталып, 21 шілдеге дейін жалғасады. Жарысқа 33 елден 400-ден астам спортшы қатысуда, – деп хабарлады спорт басқармасы.
Сайысқа Қазақстаннан 36 үздік мерген қатысуда. Олар трап және скит бағдарламаларында жеке және командалық есепте ел намысын қорғап жатыр.