БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық әскери спортшы муай-тайдан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Таиланд астанасы Бангкок қаласында әскери қызметшілер арасындағы муай-тайдан әлем чемпионаты өтуде.
Бұл додада Қазақстан Қарулы күштерінің арнайы операциялар күштерінің өкілі, лейтенант Жандос Мадехиянов ел намысын қорғады.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз тынымсыз тартыс нәтижесінде үшінші орын алып, жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, байрақты бәсекеде Қазақстан, Таиланд, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Түркия, Польша, Иран, Өзбекстан, Пәкістан, Бахрейн және Бельгия елдерінен 80-нен астам спортшы бақ сынауда.