ФУТБОЛ
Дритон Цамай – «Астана» футбол клубының жаңа ойыншысы

Черногория құрамасының ойыншысы Дритон Цамай елордалық «Астана» клубының сапын толықтырды. 28 жастағы вингер командамен ресми келісімшартқа қол қойып, енді жаңа маусымда 11-нөмірмен өнер көрсететін болады.
Кәсіби мансабын Подгорицадағы «Будучност» клубында бастаған Дритон бұған дейін Хорватияның «Интер Запрешич», Черногорияның «Дечич», «Ловчен», «Искра» және Мажарстанның «Кишварда» клубтарында ойнаған. Соңғы маусымды ол «Кечкемет» сапында өткізген.
Футболшының тәжірибесі мен шеберлігі «Астана» клубына шабуыл шебінде тың серпін береді деп күтілуде.