
Қырғызстанның Бішкек қаласында 15 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен грек-рим күресінен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.
Қазақстан құрамасы 5 алтын, 4 күміс медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.
Алтын жүлде иегерлері:
- Пахитжан Нұрислам — 38 кг
- Алмас Әли — 41 кг
- Аманалі Диар — 48 кг
- Ермек Самға — 52 кг
- Төлеш Марлен — 57 кг
Күміс жүлде иегерлері:
- Сәрсенбай Сұлтанбек — 44 кг
- Мұратов Әділжан — 68 кг
- Серік Темірлан — 75 кг
- Мәлік Ислам — 85 кг
Жас балуандардың бұл табысы Қазақстанның грек-рим күресіндегі болашағы зор екенін тағы бір дәлелдеді.