Спорт Министрі | Дзюдодан Азия кубогы: алғашқы жарыс күнінде кімдер топ жарды
ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Дзюдодан Азия кубогы: алғашқы жарыс күнінде кімдер топ жарды

Алматыда өтіп жатқан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогының алғашқы күні аяқталды. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ұйымдастырылған байрақты бәсекеге 9 елден 800-ге жуық спортшы қатысуда.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Ливан, Моңғолия, АҚШ және Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) құрамалары атсалысуда. Турнир 8-рет өткізіліп отыр және 6 шілдеге дейін жалғасады.

Алғашқы жарыс күнінің нәтижелері төмендегідей:


Қыздар арасындағы жеңімпаздар:

-40 кг:

  1. Алина Колушева (Өзбекстан)
  2. Мохинур Оллабергенова (Өзбекстан)
  3. Оиша Пирова (IJF)
  4. Дилафруз Болтабаева (Өзбекстан)

-44 кг:

  1. Інжу Сахабадин (Қазақстан)
  2. Динора Хасанова (Өзбекстан)
  3. Анастасия Байкова (IJF)
  4. Зере Талғатқызы (Қазақстан)

-48 кг:

  1. Гүлмира Холмурзаева (Өзбекстан)
  2. Әсел Русланова (Қазақстан)
  3. Какилик Деряева (Түркіменстан)
  4. Наргиза Дусмамтова (Өзбекстан)

-52 кг:

  1. Фатима Сұпығалиева (Қазақстан)
  2. Нигина Умирзакова (Өзбекстан)
  3. Зухра Алимова (Өзбекстан)
  4. Милена Боруболатова (Қырғызстан)

Ұлдар арасындағы жеңімпаздар:

-50 кг:

  1. Хуршид Султанов (Өзбекстан)
  2. Мухаммадкадир Шодманов (Өзбекстан)
  3. Әбіш Пердалы (Қазақстан)
  4. Фархат Зейнолла (Қазақстан)

-55 кг:

  1. Арсен Елемес (Қазақстан)
  2. Бехрузжон Очилов (Өзбекстан)
  3. Илияс Митанбоев (Өзбекстан)
  4. Нұрлыжан Тұрарбек (Қазақстан)

-60 кг:

  1. Дилшод Каримов (Өзбекстан)
  2. Лойқ Кудбудинов (Тәжікстан)
  3. Таңжарық Момынтай (Қазақстан)
  4. Амирхон Озодов (Өзбекстан)

-66 кг:

  1. Ролан Қайырғали (Қазақстан)
  2. Санжарбек Ашуров (Өзбекстан)
  3. Заманбек Бақтығали (Қазақстан)
  4. Султонбек Кулдошбаев (Өзбекстан)

Қазақстан құрамасының жас татами шеберлері алғашқы жарыс күнінде бірнеше алтын мен жүлделі орындарды иеленіп, жақсы нәтиже көрсетті. Жарыс жалғасуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button