Спорт Министрі | Виктория Графеева – бокстан Әлем кубогының ширек финалында
БОКС

Виктория Графеева – бокстан Әлем кубогының ширек финалында

Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан спортшысы Виктория Графеева жарысты сәтті бастады.

Әйелдер арасындағы 60 келіге дейінгі салмақта ол алғашқы жекпе-жегін жапониялық Аяка Тагучиге қарсы өткізіп, жеңіске жетті.

Осылайша, Графеева турнирдің ширек финалына жолдама алып, енді жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды. Кешкі сессияда өткен бұл кездесу қазақстандық жанкүйерлер үшін сәтті аяқталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button