
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 306-орын) Сербияның Куршумлия Баня қаласында өткен ITF турнирінде жеке сында чемпион атанды.
Финалда ол жергілікті спортшы Драганья Вуковичпен (WTA 751) кездесіп, екі сетте 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Матч 2 сағат 1 минутқа созылды.
Бұл Құламбаеваның 2025 жылғы үшінші титулы. Бұған дейін 25 жастағы спортшы сәуірде Мадридте (Испания), мамырда Висбаденде (Германия) өткен жұптық сындағы турнирлерде топ жарған болатын.