Спорт Министрі | Алматыда Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің алғашқы президентіне арналған мемориалдық тақта ашылды
БАСҚАЛАРЫ

Алматыда Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің алғашқы президентіне арналған мемориалдық тақта ашылды

Алматыдағы «Динамо» стадионында қазақстандық спорттың көрнекті өкілдерін еске алу мақсатында мемориалдық тақталардың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Естелік шараға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас хатшысы Әлімжан Ақаев, қала әкімдігінің өкілдері, спорт ұйымдары, спорт ардагерлері, балалар секцияларының мүшелері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Мемориалдық тақталардың бірі Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің тұңғыш президенті, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, қазіргі бессайыстан әлем чемпионы Тимур Досымбетовтің құрметіне ашылды.

Сонымен қатар Эдуард Айрих пен Қазбек Байбуловқа арналған естелік тақталар да орнатылды.

«Біз үшін қазақстандық спорттың іргетасын қалаған тұлғаларды еске алу шарасына қатысу — үлкен құрмет. Олардың есімдері мен еңбегі — жаңа буын спортшыларының болашағының негізі.

Бұл құрметтің белгісі жас динамошылар мен бүкіл спорт қоғамдастығы үшін шабыт көзіне айналатынына сенімдіміз», — деді Әлімжан Ақаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button