
Италияда өткен «Джиро делл’Аппеннино» біркүндік веложарысында XDS Astana Team шабандозы Диего Улисси бірінші болып мәреге жетіп, астаналық команда сапындағы алғашқы жеңісін тойлады.
Жарыс Нови-Лигур қаласынан басталып, Генуяда аяқталды. Жалпы ұзындығы 198,5 шақырымдық дода барысында шешуші сәт мәреге 50 шақырым қалғанда тіркелді — Улисси жеке өзі шабуыл жасап, басты қарсыластарынан ұзап кетті. Ол осы артықшылығын сақтап, жеңімпаз атанды.
Ал «Астана» командасының тағы бір мүшесі Симоне Веласко үшінші болып келіп, қола жүлдегер атанды. Бұл — қазақстандық велоклуб үшін ірі халықаралық жарыстағы кезекті табысты нәтиже.