Спорт Министрі | Маис Алиев Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Маис Алиев Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

Вьетнамның Вунгтау қаласында еркін және әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетті.

Еркін күресте 70 келі салмақта белдескен Маис Алиев Азия чемпионы атанды. Ал осы санатта Нұрдәулет Бекенов күміс, Зейнеп Баянова (53 келі) мен Тыныс Дүбек (62 келі) қола жүлдеге ие болды.

Грек-рим күресі бойынша қазақстандық балуандар 8 жүлде жеңіп алды. Оның төртеуі — алтын. Чемпион атанған спортшылар: Исхар Құрбаев (60 келі), Бағдат Сабаз (67 келі), Ақжан Ықыласов (77 келі), Ерасыл Мамырбеков (55 келі).

Күміс жүлделер Юсуф Мациев (97 келі), Джохар Узаров (130 келі) пен Максат Сайлауға (87 келі) бұйырса, Диас Қалтай (82 келі) қола жүлдені еншіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button