ФУТБОЛ
«Каспий» Бірінші лигада көш бастады

Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 10-туры аяқталды. Тур аясында бірқатар тартысты кездесулер өтті.
Ақтауда жергілікті «Каспий» клубы өз алаңында «Екібастұзды» қабылдап, 5:3 есебімен айқын жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін ақтаулық команда 27 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Басқа матчтарда қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда «Жетісайды», алматылық AKAS «Алтайды» 2:1 есебімен ұтты. «Тараз» бен «Ақтөбе-2» арасындағы ойын 3:3 есебімен тең аяқталды.
19 маусым күні павлодарлық «Ертіс» сырт алаңда «Түркістанды» 7:1 есебімен ойсырата жеңсе, «Академия Оңтүстік» «Қайрат-2»-ге 3:5, ал «SD Family» «Хан Тәңірі» клубына 0:3 есебімен есе жіберді.