Спорт Министрі | Transfermarkt: Дастан Сатпаев – ҚПЛ-дің ең қымбат ойыншысы атанды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Transfermarkt: Дастан Сатпаев – ҚПЛ-дің ең қымбат ойыншысы атанды

Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген футболшылардың нарықтық құнын жаңартты.

Жаңа бағалауға сәйкес, «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сатпаев ҚПЛ-дегі ең қымбат ойыншы атанды. Оның трансферлік құны бұрынғы €500 мыңнан €1,8 миллионға дейін күрт өсті.

Құны бойынша үздік үштікке тағы бір «Қайрат» футболшысы Валерий Громыко (€1,2 млн) және «Тобыл» ойыншысы Ислам Чесноков (€900 мың) кірді.

ТОП-10 ең қымбат ойыншылар тізімі мынадай:

  1. Сатпаев (Қайрат) – €1.8 млн (+1.3 млн)

  2. Громыко (Қайрат) – €1.2 млн (+200 мың)

  3. Чесноков (Тобыл) – €900 мың (+100 мың)

  4. Зария (Қайрат) – €900 мың (+200 мың)

  5. Сорокин (Қайрат) – €900 мың

  6. Камара (Астана) – €850 мың (+150 мың)

  7. Қасым (Ақтөбе) – €850 мың (–50 мың)

  8. Грипши (Астана) – €850 мың (+100 мың)

  9. Станоев (Қайрат) – €800 мың

  10. Эбонг (Астана) – €800 мың

Ең көп ойыншысы бар клубтар:
Қайрат – 5 ойыншы
Астана – 3 ойыншы

Дастан Сатпаевтың құны қысқа уақытта төрт есеге жуық өсіп, ҚПЛ тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің біріне жетіп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button