Спорт Министрі | Бүгін түнде жаңа форматтағы Клубтық әлем чемпионаты басталады.
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Бүгін түнде жаңа форматтағы Клубтық әлем чемпионаты басталады.

Турнир ережесі құрама командалар арасындағы Әлем чемпионатының форматына ұқсас. Топтық кезеңде ұпай тең болған жағдайда алдымен өзара кездесулер, одан кейін гол айырмашылығы ескеріледі.

Бұдан былай бұл турнир жыл сайын емес, әр төрт жыл сайын өткізіледі.

Матчтар АҚШ-тың 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.

Турнирге алты конфедерациядан 32 клуб қатысады:

  • Еуропадан – 12 команда
  • Оңтүстік Америкадан – 6 команда
  • Африка, Азия және КОНКАКАФ-тан – әрқайсысынан 4 команда
  • Сонымен қатар, Океания мен турнир иесі елдің бір-бір өкілі қатысады.

Іріктеу 2021–2024 жылдар аралығындағы халықаралық турнирлердегі жеңістерге, клубтық коэффициенттер мен рейтингтерге байланысты жүргізілді. Еуропа командалары үшін шектеу бар: бір елден екі клубтан артық қатыса алмайды. Осыған байланысты турнирге Барселона мен Ливерпуль қатыспайды.

Реал Мадрид – турнир тарихындағы ең көп жеңіске жеткен клуб (5 рет: 2014, 2016, 2017, 2018, 2022). Екінші орында – Барселона (2009, 2011, 2015). Испания – турнир тарихындағы ең табысты ел.

Жалпы жүлде қоры – 1 миллиард доллар.
Барлық топтық матчтарда жеңіске жетіп, чемпион атанған клуб ең көп дегенде 125 млн доллар ала алады.

Клубтарға қатысқаны үшін де қаржы төленеді:

  • КОНМЕБОЛ клубтарына – $15,21 млн
  • КОНКАКАФ, КАФ (Африка), АФК (Азия) клубтарына – $9,55 млн
  • Океания өкілі Окленд клубына – $3,58 млн

Transfermarkt дерегінше, турнирдегі ең қымбат клуб – Реал Мадрид (€1,33 млрд). Сондай-ақ Манчестер Сити (€1,18 млрд) және ПСЖ (€1,05 млрд) де 1 миллиардтан аса құны бар клубтар қатарында.

Ең арзан команда – Жаңа Зеландияның «Окленд» клубы (€5,2 млн). Тіпті бір Беллингемнің бағасы осы клубтың құнынан 35 есе көп.

Басқа жаңалықтар

Back to top button